6-шы қазан күні Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile Arena»-да өтетін UFC 229 додасында өтеді. Басты жекпе-жекте жеңіл салмақтағы Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор кездесетін болады.
Астана уақыты бойынша 7-ші қазан күні өтетін UFC 229 додасын «QazSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Басталуы Астана уақыты бойынша сағат 07:50-де.
Айта кетсек, 7-ші сәуір UFC 223 додасында америкалық Эл Яквинтаны жеңіп, жеңіл салмақтың чемпионы атанған ресейлік Хабиб Нурмагомедов, бұрынғы жартылай орта және жеңіл салмақтардың чемпионы ирландиялық Конор МакГрегордан чемпиондық белбеуін қорғайды.
Хабиб кәсіпқой мансабында жеңілістің ащы дәмін көрмеген өте жоғары деңгейдегі жауынгер, ол 26 жекпе-жек өткізіп барлығында да жеңіске жеткен. Ал Конор UFC-дің атағын біраз жерге шығарған жауынгер, ол 21 рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген.
Естеріңізге салсақ, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы UFC ұйымымен 1,5 жылға келісімшартқа отырды. 2018-шы жылдың қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында «Qazaqstan» және «QazSport» телеарналарында UFC-дің 14 жекпе-жегі эфирге шығады. Ал, 2019-шы жылы 40-тан астам дода көрсетіледі.
Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт