Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ЕУРОПА ЛИГАСЫ: «МИЛАН» ОН МИНУТТА «ОЛИМПИАКОСТА» ТІЗЕ БҮКТІРДІ

ЕУРОПА ЛИГАСЫ: «МИЛАН» ОН МИНУТТА «ОЛИМПИАКОСТА» ТІЗЕ БҮКТІРДІ

УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңінің 2-ші кезеңі аясында «Милан» өз алаңында «Олимпиакосқа» қарсы ойында жеңіліп жатып, он минуттың ішінде жеңісті жұлып алды.

Милан қаласындағы «Сан Сиро» стадионында өткен ойынның 70-ші минутына дейін 0:1 есебімен жеңіліп жатқан «Милан», өзінің қосалқы құрамнан алаңға шыққан екі ойыншысы Кутроне мен Чалханоглуның және бірінші минуттан алаңда жүрген шабуылшы Игуаинның арқасында 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетсек, F тобындағы «Бетис» пен «Дюделанж» кездесу өткізіп, «Бетис» 3:0 есебімен жеңіске жетті.

2-ші кезеңнің нәтижесі бойынша F тобында «Милан» алты ұпаймен бірінші, «Бетис» төрт ұпаймен екінші, «Олимпиакос» бір ұпаймен үшінші, «Дюделанж» ұпайсыз соңғы орында тұр.

«Милан» 3:1 «Олимпиакос»

Голдар: Кутроне, 70, 79, Игуаин, 76 — Герреро, 16.

«Милан»: Рейна — Калабрия, Сапата, Романьоли, Родригес — Билья, Бакайоко, Бонавентура (Чалханоглу, 55) — Сусо (Борини, 81), Игуаин, Кастильехо (Кутроне, 54).

«Олимпиакос»: Са — Торосидис (Мерия, 77), Миранда, Сиссе, Кутрис — Натхо, Гильерме — Фетфатцидис, Туре (Фортунис, 83), Лейва (Поденсе, 71) — Герреро.

Сондай-ақ

ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ТЕННИСШІЛЕРІ БЕЙЖІҢДЕГІ ДОДАҒА ҚАТЫСУДА

Бейжің қаласында жүлде қоры 3,4 миллион долларды құрайтын ашық ішкі чемпионат өтуде. Бүгін жартылай финалға …