Басты бет / Бокс / Әйелдер боксы / ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАТЫН ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ АРГЕНТИНА АСТАНАСЫНА ҰШЫП КЕЛДІ

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАТЫН ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ АРГЕНТИНА АСТАНАСЫНА ҰШЫП КЕЛДІ

Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын қазақстандық делегация Аргентина астанасы Буэнос-Айреске ұшып келді.

Жас спортшылар Олимпиада астанасына жету үшін әуе кемесінде жалпы есебі 27 сағат уақыт өткізді. Олар Астана-Стамбул-Сан-Паулу-Буэнос-Айрес бағытымен ұшқан болатын.

Еске сала кетейік, жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын 58 спортшы қорғайды. Ойынды ұйымдастырушылар ең соңғы сәтте теннисші Дастанбек Ташбулатовтың жарысқа қатысуына мүмкіндік берген болатын.

Бүгін спортшылар олимпиадалық қалашыққа орналасты. Ертеңнен бастап Аргентинадағы алғашқы жаттығу жұмыстары басталады.

Сондай-ақ, ертең Қазақстан ҰОК өкілдері «Олимпизм әрекеті» халықаралық форумына қатысады. Бұл Халықаралық Олимпиада комитеті алғаш рет өткізгелі отырған жоба.

Форумның басты мақсаты – қатысушылардың өзара қарым-қатынас орнатуына жол ашу.

Дереккөз: Olympic.kz

Сондай-ақ

ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ТЕННИСШІЛЕРІ БЕЙЖІҢДЕГІ ДОДАҒА ҚАТЫСУДА

Бейжің қаласында жүлде қоры 3,4 миллион долларды құрайтын ашық ішкі чемпионат өтуде. Бүгін жартылай финалға …