Басты бет / Қысқы спорт / ҚХЛ: «БАРЫС» ҚОСЫМША ТАЙМДА «ЦСКАҒА» ЕСЕ ЖІБЕРДІ

ҚХЛ: «БАРЫС» ҚОСЫМША ТАЙМДА «ЦСКАҒА» ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Құрлықтық хоккей лигасы он екінші кезеңі аясында «Барыс» өз алаңында мәскеулік «ЦСКА» клубына қарсы ойын өткізді.

Елордамыз Астана қаласының «Барыс Арена» стадионында өткен ойында, өкінішке орай «Барыс» қосымша таймда «ЦСКА» клубына 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының 12-ші кезеңінен кейін, шығыс аймағында 16 ұпаймен 7-ші орында келеді.

Айта кетейік, «Барыс» өткен ойынын сырт алаңда өткізіп, қарсыласы ригалық «Динамоны» 3:7 есебімен тізе бүктірген болатын.

«Барыс» келесі ойынын, 7-ші қазан күні «Барыс Арена» стадионында братиславалық «Слован» клубына қарсы өткізеді.

«Барыс» (Қазақстан) — ЦСКА (Ресей) 2:3 (0:0, 0:1, 2:1)

Шайбылар:
0:1 Блажиевский (Хансен, Телегин) 26:10
1:1 Акользин (Сагадеев) 42:17
1:2 Андронов (Слепышев, Нестеров) 55:19
2:2 Боченски 58:37
2:3 Капризов (Нестеров) 61:58

Сурет: Hcbarys.kz сайтынан

Сондай-ақ

АРМАН ОСПАНОВ — РАСУЛ МИРЗАЕВ СУПЕР ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ӨТПЕЙТІН БОЛДЫ

Absolute Championship Berkut промоушені, отандасымыз Арман Оспанов (8-2) пен ресейлік Расул Мирзаев (17-1) сегізбұрышта кездеседі …