УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңінің 2-ші кезеңі аясында K тобында «Астана» өз алаңында «Ренн»-мен ойын өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өткен кездесудің бірінші таймында ешқандай гол соғылмай, командалар үзіліске 0:0 кетті.
Екінші таймда «Астана» ойыншылары Томасов бұрыштамадан көтерген добын Зайнутдинов баспен гол қақпаға бағыттап, есепті 1:0-ге жеткізді. Ал ойынға қосылған соңғы минутта Томасов гол соғып, «Астана» клубын 2:0 есебімен жеңіске жеткізді.
Айта кетсек, K тобындағы чехиялық «Яблонец» пен украиналық «Динамо Киев» кездесу өткізіп, ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.
2-ші кезеңнің нәтижесі бойынша K тобында «Астана» төрт ұпаймен бірінші, «Ренн» үш ұпаймен екінші, «Динамо Киев» екі ұпаймен үшінші, «Яблонец» бір ұпаймен соңғы орында тұр.
«Астана» 2:0 «Ренн»
Голдар: Зайнутдинов, 64, Томасов, 90+1.
«Астана»: Эрич — Рукавина, Постников, Аничич, Шомко — Томасов, Зайнутдинов (Логвиненко, 75), Маевский, Педро Энрике — Кабананга (Янга, 72), Ришард (Мужиков, 63).
«Ренн»: Диалло — Зеффан, Гелен, Да Сильва Бааль (Бенсебайни, 28) — Гренье, Поа (Юханссон, 77), Буриго — Андре, Леа Силики (Дель Кастийо, 69), Ньянг.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт