Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: «ЮВЕНТУС» — «ЯНГ БОЙЗ» ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: «ЮВЕНТУС» — «ЯНГ БОЙЗ» ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

УЕФА Чемпиондар Лигасы 2018-2019 маусымының топтық кезеңінің 2-ші кезеңінде H тобындағы «Ювентус» пен «Янг Бойз» кездесу өткізеді.

Кездесу бүгін, 2-ші қазан күні, Турин қаласындағы «Ювентус Стэдиум» стадионында өтеді. Басталуы Астана уақыты бойынша сағат 22:50-де, ал «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.

Ойынға ресейлік Сергей Карасев бастаған мамандар төрелік ететін болады.

Айта кетсек, 1-ші кезеңде «Ювентус» сырт алаңда «Валенсияны» 0:2 есебімен жеңсе, ал «Янг Бойз» өз алаңында «Манчестер Юнайтедке» 0:3 есебімен есе жіберген болатын.

Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ТЕННИСШІЛЕРІ БЕЙЖІҢДЕГІ ДОДАҒА ҚАТЫСУДА

Бейжің қаласында жүлде қоры 3,4 миллион долларды құрайтын ашық ішкі чемпионат өтуде. Бүгін жартылай финалға …