Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин туған жері Қарағандыға қайтып оралды.
Бүгін, 2-ші қазан күні, Головкин өткен жылы Майқұдықта ашылып, оған өзінің аты берілген дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды.
Голокиннің келуі бересми шара болатын, боксшы ол жерде спорт кешенінің жұмысымен танысты.
Естеріңізге сала кетсек, Лас-Вегаста өткен бокс кешінде отандасымыз Геннадий Головкин қарсыласы мексикалық Сауль Альвареске төрешілердің шешімімен есе жіберген болатын.
Сурет: «Ekaraganda.kz» Instagram парақшасынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт