Басты бет / Басқа түрлер / ЗУЛЬФИЯ ГАБИДУЛЛИНА ӘЛЕМ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

ЗУЛЬФИЯ ГАБИДУЛЛИНА ӘЛЕМ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

Берлин қаласында тірек-қимыл аппараты мен көз жанарында ақауы бар спортшылар арасында Германияның ашық чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүзуден Қазақстан құрамасының сапында Наталья Звягинцева, Әнуар Ахметов, Дмитрий Ли, Ержан Сәлімгереев, Шахан Жолдасбаев, Бауыржан Қабақов, Сиязбек Дәлиев, Кирилл Ильюкевич және Зүлфия Ғабидуллина өнер көрсетуде.

Чемпионат барысында Рио-де-Жанейродағы Паралимпиадалық ойындардың жеңімпазы Зүлфия Ғабидуллина ерекше көзге түсті. Ол финалда еркін стильде 200 метр қашықтыққа жүзу кезінде жаңа әлемдік рекорд орнатты, көрсеткіші — 03:26,65 секунд. Сонымен қатар, ол еркін стильде 100 метр қашықтыққа жүзу бойынша ең үздік көрсеткіш көрсетіп, 50 метр қашықтыққа шалқалап жүзуде екінші орынға ие болды.

Бұл жарыс қорытындысы бойынша әлем чемпионатына іріктеу жүреді. Атырау облысының спортшысы Ержан Сәлімгереев те чемпион атанып отыр.

Айта кетейік,  паралимпиадалық чемпион Зүлфия Ғабидуллина — жүзуден Қазақстан Республикасының халықаралық санаттағы спорт шебері, ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, 12 мәрте әлем рекордын орнатқан.

Сондай-ақ

ДЗЮДОШЫЛАР ПРАГАДАН ҚОС ЖҮЛДЕ ЕНШІЛЕДІ

Прагада ерлер арасында дзюдодан Еуропа кубогы өтіп жатыр. Қазақстандық Жақсылық Жеңісбек (60 кг) финалда франциялық …