13-14 шілде күндері Ресейдің Хасавюрт қаласында таеквондодан жастар арасындағы «Кавказ» кубогы турнирі өтті.
Турнирге бас бапкер Бақытжан Райбеков бастаған Қазақстан құрамасынан өзге Ресейдің 18 өңірі мен Литва елінің спортшылар қатысты. Айта кету керек, 2-ші шілдеден бастап жастар құрамасы Ресей және Литва құрамаларымен бірге біріккен оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Бұл жиынға жалпы саны 120 таеквондошы қатысты.
Бұл Азия чемпионатынан кейінгі жастар құрамасының қатысып отырған алғашқы жарысы. Спортшыларымыз 5 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль еншіледі.
Алтын:
Елшібай Елжан 45 кг
Сәндібаев Шыңғыс 73 кг
Султанмуратов Юлдашбек +78 кг
Усманова Асел 44 кг
Хайруллина Жадыра 63 кг
Күміс:
Турсынбай Бүркіт 48 кг
Жұмабек Думат 55 кг
Қола:
Жалелова Таңшолпан 49 кг
Бақытқалиева Аида 44 кг
Болатова Сайрамгүл 49 кг
Тыныштықбай Ақнұр 44 кг






DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт