Қазақстандық жас кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (3-0-0, 2КО) 14 шілдеде өзінің үшінші кездесуін өткізді.
Қарсыласы америкалық боксшы Лэнни Дардармен (5-7-2, 3КО) АҚШ-тың Лос Анджелес қаласында Веласка театрында жолықты. Екінші орта салмаққа жоспарланған 6 раундтық кездесу, 1 раундтың 1:47 минутында Нұрсұлтановтың сериялы соққыларынан америкалық есін жинай алмай, төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Естеріңізге сала кетсек, Нұрсұлтанов соңғы кездесуін сәуірде америкалық Хавиер Оливерамен өткізіп, 2 раундта нокаутпен ұтқан болатын.



DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт