Басты бет / Кәсіпқой бокс / Жанқош Тұраров / ЖАНҚОШ ТҰРАРОВТЫҢ АСТАНАДА ӨТЕТІН ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕГІ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ЖАНҚОШ ТҰРАРОВТЫҢ АСТАНАДА ӨТЕТІН ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕГІ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

9 қыркүйек күні Астана қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығатын қазақстандық боксшы Жанхош Тұраровтың қарсыласы белгілі болды. 

Қазақстандық боксшының қарсыласы аргентиналық Бруно Леонардо Ромэ болады. Ол кәсіпқой бокс шаршы алаңында 25 кездесу өткізіп, 21 кездесуінде жеңіске жеткен. Соңғы рет 29 жастағы аргентинкалық боксшы шаршы алаңға 14 мамыр күні шығып, отандасы Алехандро Кухорскиді нокаутпен жеңген.

Жанхош Тұраров болса кәсіпқой бокста 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 15 кездесуінде отандасымыз қарсыласын нокаутқа түсірген.

Айта кетейік, Жанхош Тұраров пен Бруно Леонардо Ромэ арасындағы кездесу 10 раундқа жоспарланып отыр.

Сондай-ақ

ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ТЕННИСШІЛЕРІ БЕЙЖІҢДЕГІ ДОДАҒА ҚАТЫСУДА

Бейжің қаласында жүлде қоры 3,4 миллион долларды құрайтын ашық ішкі чемпионат өтуде. Бүгін жартылай финалға …

Добавить комментарий