14 наурыз күні Атырау қаласында «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» Халықаралық форумы аясында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында жекелей есептегі Халықаралық турнир өтті, — деп хабарлайды dodasport.kz сайты.
Жарыс блиц түрі бойынша өткізілді. Жарысқа Қытай, Түркия, Ресей, Ауғанстан, Түркіменстан елдері және еліміздің қомандалары қатысты.
Ерлер арасында 11 спортшы, әйелдер арасында 9 спортшы болды. Соның ішінде 1 — ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 6 — Халықаралық спорт шебері, 3 — спорт шебері, 4 — спорт шеберіне үміткер. Бұл жарысқа 5 — Әлем чемпионы және 4 — Азия чемпиондары мен жүлдегерлері қатысты.
Халықаралық турнир ерелер арасында швейцар жүйесі бойынша 7 турдан, әйелдер арасында айналым жүйесі бойынша 9 турдан өткізілді. Жарыстың жүлде қоры 1,5 миллион теңгені құрады.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Ерлер арасында:
1 орын — Бостандықов Бексұлтан (Қызылорда облысы)
2 орын — Темірбаев Ғалымжан (Астана қаласы)
3 орын — Қабиев Нұрбек (Ақтөбе облысы)
Әйелдер арасында:
1 орын — Такишева Алмагүл (Ақтөбе облысы)
2 орын — Кенина Диана (Ақтөбе облысы)
3 орын Каримова Лиана (ОҚО)