Басты бет / Бокс / «GEE-BEE» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«GEE-BEE» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Хельсинкиде бокстан 37-ші халықаралық GeeBee турнирі өз мәресіне жетті, оған 6 қазақстандық спортшы қатысты. 

Алты спортшы да ақтық сынға жеткен, бірақ Олжас Байниязов шешуші айқаста француз спортшысынан жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Бес қазақстандық боксшы алтын жүлдеге қол жеткізді.

2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев 5:0 есебімен мажарстандық боксшы Нандор Чоктан басым түсті. Азия және әлем чемпионатының жүлдегері Абылайхан Жүсіпов те дәл осындай көрсеткішпен британдық Харрис Акбарды жеңді. Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит украиналық Константин Пинчукты, Камшыбек Қоңқабаев — британдық Соломон Дакросты сүріндірді.

Кештің көркін қыздырған айқас — Бек Нұрмағанбет пен ресейлік Артем Агеевтіңжекпе-жегі болды. 40-секундта Бек қарсыласын нокаутқа жіберіп, чемпион атанды.

Осылайша, толық емес құрамда келген қазақстандықтар бес алтын және бір күміс медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орынды еншіледі.

🥊 Турнирдің үздік боксшысы — Василий Левит (Қазақстан)
🥊 Техникасы мықты боксшы — Энрико Ле Круз (Нидерландия)
🥊 Үздік боксшы (ер) — Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан)
🥊 Үздік боксшы (әйел) — Мира Потконен
🥊 Үздік финляндиялық боксшы — Джона Рот

Сондай-ақ

АТЫРАУДА ТАЕКВОНДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Атырау қаласында таеквондодан 2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтерді. Ел біріншілігіне …

Добавить комментарий