Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / САНЖАР ӘДІЛОВ БІШКЕКТЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

САНЖАР ӘДІЛОВ БІШКЕКТЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Қазақстандық жекпе-жек майталманы Санжар Әділов Бішкекте ережесіз жекпе-жектен өткен халықаралық FFC «Falco Fighting Championship» турнирінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ережесіз жекпе-жектен Қырғызстанның астанасы Бішкекте өткен FFC турнирінде сынға түскен Санжар Әділов қырғызстандық спортшыға қарсы жекпе-жек өткізді. Отандасымыз қарсыласын қылқындыру әдісімен тізе бүктіріп, сегізбұрыштағы екінші жеңісін тойлады.

Айта кетейік, Санжар Әділов  UFC жұлдызы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовтің қол астында жаттығады. Сондай-ақ бұл додада сынға түскен Мирас Мұхамеджанов пен Алтынбек Думанұлы да қарсыластарын қапы қалдырды.

Сондай-ақ

АТЫРАУДА ТАЕКВОНДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Атырау қаласында таеквондодан 2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтерді. Ел біріншілігіне …

Добавить комментарий