Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / ТАЕКВОНДОШЫЛАРДЫҢ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГІ

ТАЕКВОНДОШЫЛАРДЫҢ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГІ

Жаңартылған Халықаралық таеквондо рейтингісінде үздік жиырмалықта 4 Қазақстандық спортшы бар.

2018 жылы Қазақстан таеквондошылары 3 Халықаралық жарысқа қатысты. 24-25 ақпан аралығында Мысыр елінде G-2 «Egypt Open» турнирі өтті. Одан кейін 10-14 ақпан аралығында Түркияда  «Turkish Open» G-1 турнирі мен 6-9 ақпанда Клубтар арасындағы Еуропа чемпионаты өтті. Аталған жарыстарда таеквондошыларымыз жүлделі орындардан көрініп, әлемдік рейтингтегі орындарын жақсартты.

87 келі салмақта Смайл Дүйсебай 3 саты жоғарылап, 9-шы орынға тұрақтады. Смайл Египеттегі турнирле және Клубтар арасындағы Еуропа чемпионатында жеңіске жеткен болатын.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері Сарымсақов Қайрат 74 келі салмақта 2 саты көтеріліп, 15-ші орында келеді.

+87 келі салмақта Руслан Жапаров Египеттегі жарыста бірінші, Түркияда үшінші орындарды еншілеп, әлемдік рейтингте 6 саты жоғарылады. Енді ол 19-шы орында.

63 келі салмақта Серікбай Әлімжан 20-лықты түйіндеп тұр. Ол Биылғы жылы қатысқан үш турнирінде де күміс жүлдегер атанды.

Сондай-ақ

АТЫРАУДА ТАЕКВОНДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Атырау қаласында таеквондодан 2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтерді. Ел біріншілігіне …

Добавить комментарий