Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / АТЫРАУДА ТАЕКВОНДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

АТЫРАУДА ТАЕКВОНДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Атырау қаласында таеквондодан 2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтерді.

Ел біріншілігіне еліміздің барлық өңірінен 469 таеквондошы жиналған. Жарыстың ашылуында Республикалық таеквондо федерациясының өкілдері, Ибраев Мақсұт Сансызбайұлы мен Чилманов Арман Константинұлы қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Айта кету керек, Тугаев Арман Мырзабайұлы бастаған Атырау облысы таеквондо федерациясы 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы «ең үздік таеквондо федерациясы» атанды. Жарыстың ашылу салтанатында  Арман Мырзабайұлына спорттың дамуына қосқан үлесі үшін Ұлттық Олимпиада Комитетінің медалі табыс етілді.

Айта кету керек, жасөспірімдер арасындағы әлемдік додаларда Қазақстандық спортшылар жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүр. Мысалы былтыр Египетте өткен әлем чемпионатында Алматы қаласының спортшысы Бакишева Рита қола жүлдегер атанған болатын. Атыраудағы сайысқа да Рита қатысып, өзінің жасөспірімдер арасында мықты екенін дәлелдеп, чемпион атанды.

Жарыстың алғашқы күні ұлдар 33, 41, 49 келі салмақтарда, қыздар 29, 37, 44  келі салмақтарда сынға түсті. Төмендегі спортшылар ел чемпионы атанды.

Ұлдар.

33 кг:

1. Тлеулес Тамирлан Алматы қаласы.

2. Әбдібай Ерсұлтан Алматы облысы.

3. Егембердиев Мұхамедәли ОҚО.

3. Кенжалиев Мақсат Қызылорда облысы.

41 кг:

1. Байтұрсын Сұлтан Алматы қаласы.

2. Махаматов Азимжон ОҚО.

3. Құттыбай Наурыз Астана қаласы.

3. Тоғымжан Жандос Қызылорда облысы.

49 кг:

1. Мусахан Бексұлтан Алматы облысы.

2. Сайлаубек Мерей ШҚО.

3. Бекбосынов Жандос Алматы облысы.

3. Амангелді Нұрғиса Маңғыстау облысы.

Қыздар.

29 кг:

1. Сүндетбай Айдана Алматы қаласы.

2. Әбдіқадыр Аружан Алматы қаласы.

3. Маклузова Айдана Атырау облысы.

3. Маратова Зарина Алматы қаласы.

37 кг:

1. Бакишева Рита Алматы қаласы.

2. Кари Сара Алматы облысы.

3. Нажимова Эльназ Атырау облысы.

3. Аралбай Арайлым Астана қаласы.

44 кг:

1. Әбубәкірова Ажар Алматы қаласы.

2. Кан Снежина Астана қаласы.

3. Асқарова Арайлым Атырау облысы.

3. Ержанқызы Балжан ОҚО.

Сондай-ақ

АТЫРАУДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

14 наурыз күні Атырау қаласында «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» Халықаралық форумы аясында тоғызқұмалақтан ерлер мен …