Басты бет / Басқа түрлер / «МЕДЕУ» МҰЗ АЙДЫНЫНДА КОНЬКИМЕН СЫРҒАНАУДЫ ТЕГІН ҮЙРЕТУ САБАҚТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

«МЕДЕУ» МҰЗ АЙДЫНЫНДА КОНЬКИМЕН СЫРҒАНАУДЫ ТЕГІН ҮЙРЕТУ САБАҚТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

 

«Медеу» мұз айдыныңда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында осы жаппай сығанау маусымының коньки тебуді тегін үйретудің соңғы сабақтары өтті, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі қарсаңында үш күн қатарынан тәжірибиелі бапкерлер барлық қалаушыларды конькимен сырғанауды тегін үйретті. Әсіресе, олардың көмегіне кішкентай бүлдіршіндер жүгінді. Сонымен қатар, белсенді демалыстың қонақтары мен әуесқойлары түрлі жарыстарға қатысып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Жолы болған қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті, солардың бірі ұлымен келген қала тұрғыны Светлана:

— Бүгін ауа-райы керемет, осында келгенімізге аса қуаныштымыз. Ұлым нұсқаушылардың көмегімен ақырындап коньки тебуді үйреніп жатыр. Ұйымдастырушыларға осындай шара үшін алғысымызды білдіреміз. Біздің демалысымыз осындай мерекелік шарамен тұспа-тұс келгеніне аса қуаныштымын. Әндер жайдарлы, көңіл-күй де керемет, сайыстарға да қатысып үлгердік. Барлығы бізге ұнады, — деп әсерлерімен бөлісті Светлана Гусарова.

Спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болып табылады. Акция «Спорттық Алматы» бағдарламасына өткен жылдың 25-ші ақпанында алғаш рет іске қосылған болатын.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылған.

Сондай-ақ

АТЫРАУДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

14 наурыз күні Атырау қаласында «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» Халықаралық форумы аясында тоғызқұмалақтан ерлер мен …