Басты бет / Бокс / ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКС СҮЙЕР ҚАУЫМ НҰРСҰЛТАНОВТЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІН ТІКЕЛЕЙ КӨРЕ АЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКС СҮЙЕР ҚАУЫМ НҰРСҰЛТАНОВТЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІН ТІКЕЛЕЙ КӨРЕ АЛАДЫ

Астана уақытымен 5-ші тамыз күні Атлантик-Сити қаласында (Нью-Джерси штаты, АҚШ) өтетін бокс кешінде, Мейірім Нұрсұлтанов (7-0, 6 КО) доминикандық Хонатан Батистаға (17-14, 10 КО) қарсы сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек өткізеді.

Сондай-ақ, бұл бокс кешінде тағы бір отандасымыз, Мəдияр Әшкеевте шаршы алаңға көтеріледі. Мəдияр Әшкеев (9-0, 5 КО) эквадорлық боксшы Эдуардо Флореске (26-29-4, 15 КО) қарсы жекпе-жекке шығады.

Қазақстандық бокс сүйер қауым бокс кешін, «QazSport» телеарнасынан Астана уақытымен таңғы сағат 07:00-ден бастап тікелей көрсетілімде көре алады.

Бокс кешінің басты жекпе-жегінде ресейлік Сергей Ковалев (32-2-1, 28 КО) колумбиялық Элейдер Альвареспен (23-0, 11 КО) кездеседі.

Фото: «QazSport» телеарнасының сайтынан

Сондай-ақ

ПРЕМЬЕР-ЛИГАДАҒЫ 21-ШІ ТУРДЫҢ ҮЗДІК ГОЛЫ ТАҢДАЛДЫ

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың жиырма бірінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама …