Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «ТОБЫЛДЫҢ» БАС БАПКЕРІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

«ТОБЫЛДЫҢ» БАС БАПКЕРІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінен аса алмаған қостанайлық «Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті.

Клубтың ресми сайтының мәліметінше, Владимир Никитенко өзі осындай өтініш жасап, клуб басшылығы оны мақұлдаған.

Айта кетейік, қостанайлық клуб биыл Еуропа лигасының екінші іріктеу кезңіне дейін жетіп, армениялық «Пюниктен» жеңілген болатын. Артынша бас бапкер жұмыстан шығатыны жөнінде хабар берді. Владимир Никитенкомен бірге командадағы оның көмекшісі және қақпашылардың жаттықтырушысы да қызметінен кетті. Ал олардың орнына қазір бас бапкердің міндетін атқарушы Андрей Мирошниченко мен физикалық жаттығу жөніндегі жаттықтырушы Евгений Антонов жұмыс жасап жатыр.

Дереккөз: 24.kz
Фото: «Тобыл» клубының ресми сайтынан

Сондай-ақ

МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД АЛДЕРВЕЙРЕЛДТІ САТЫП АЛУҒА ЖАҚЫН

«Тоттенхэм» клубының қорғаушысы Тоби Алдервейрелд «Манчестер Юнайтед» клубына ауысуға жақын. Mirror басылымының хабарлауынша, «Манчестер Юнайтед» …