Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / БОНУЧЧИ ҮЙІНЕ ҚАЙТТЫ, АЛ КАЛЬДАРА «МИЛАНҒА» ЖОЛ ТАРТТЫ

БОНУЧЧИ ҮЙІНЕ ҚАЙТТЫ, АЛ КАЛЬДАРА «МИЛАНҒА» ЖОЛ ТАРТТЫ

«Ювентус» пен «Милан» клубтары ойыншыларымен алмасты.

2017-шы жылы жазғы ауысым кезінде 42 миллион еуроға «Ювентустан» «Миланға» ауысқан орталық қорғаушы Леонардо Бонуччи, бір жылдан соң «Ювентусқа» қайтып оралды.

Ал өткен маусымда «Аталанта» клубында жалға ойнаған туриндік «Ювентустің» орталық қорғаушысы Маттиа Кальдара, «Милан» клубына келіп қосылды.

«Ювентус» пен «Милан» клубтары екі ойыншыныда, Маттиа Кальдара мен Леонардо Бонуччиді 40 миллион еуроға бағалап, ешқандай төлемсіз алмасты.

Бонуччи туриндік «Ювентуспен» 5 жылдық келісімшарт мерзіміне қол қойды. Леоның жалақысы жылына 5 миллион еуро болады.

Ал 24 жастағы Кальдара «Миланмен» 5 жылдық келісімшарт мерзіміне отырды. Келісімшарт бойынша Маттианың жалақысы жылына 2 миллион еуроны құрайды.

Фото: «Ювентус» клубының сайтынан және «Милан» клубының Twitter парақшасынан

Сондай-ақ

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН СПОРТШЫЛАР

18-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта мен Палембанг қалаларында 42 спорт түрінен өтетін …