Мəдияр Әшкеев (9-0, 5 КО) Атлантик-Сити қаласындағы (Нью-Джерси штаты, АҚШ) бокс кешінде жекпе-жек өткізді.
Бастапқыда, Мəдияр америкалық Клеотис Пендарвиске (21-4-2) қарсы жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған. Бірақ кейін, Мəдияр Әшкеев эквадорлық боксшы Эдуардо Флореске (26-29-4, 15 КО) қарсы жекпе-жек өткізетін болды.
Бүін таңертең Атлантик-Сити қаласында өткен кездесуде Мəдияр Әшкеев қарсыласы Эдуардо Флоресті төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісі, ал эквадорлық боксшының отызыншы жеңілісі.
Ал, бокс кешінің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалев (32-2-1, 28 КО) колумбиялық боксшы Элайдер Альвареспен (23-0, 11КО) кездесті. Альварес жекпе-жектің жетінші раундтында Ковалевты екі рет нокдаунға түсіріп, сосын нокаутқа жіберіп, жартылай ауыр салмақта WBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы белбеуін жеңіп алды.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт