Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Кеше түнде Кардифф қаласындағы «Ice Arena Wales» аренасында өткен бокс кешінде, Данияр Елеусінов (2-0, 1 КО) венгриялық Габор Горбичпен (24-11, 14 КО) алты раундтық жекпе-жекті толық өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
Данияр, 28-ші сәуірде АҚШ-та өткізген кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде америкалық Ноа Киддті (3-1-1, 2 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірді, ал 6-шы маусым Лондонда өткізген екінші жекпе-жегінде венгриялық Золтан Сабоны (25-12, 11 КО) ұпай санымен жеңген болатын.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт