Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ПРЕМЬЕР-ЛИГАДАҒЫ 21-ШІ ТУРДЫҢ ҮЗДІК ГОЛЫ ТАҢДАЛДЫ

ПРЕМЬЕР-ЛИГАДАҒЫ 21-ШІ ТУРДЫҢ ҮЗДІК ГОЛЫ ТАҢДАЛДЫ

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың жиырма бірінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.

Өткен турда жанкүйерлер 12 голдың куәсі болды. Оның біреуі пенальтиден салынды.

Сауалнама дәстүр бойынша Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты мен «ВКонтакте» желісіндегі @pflkaz тобында жарияланды.

«Ақтөбе» командасының капитаны Александр Симчевичтің «Астана» қақпасына соққан добы турдың ең үздік голы атанды. Ақ-қызылдардың сербиялық қорғаушысы стандарттан гол соққан болатын. Оның соққан голы жанкүйерлердің 722 дауысын жинады.

Үздік үштік келесідей:

1. Александр Симчевич голы (Ақтөбе – Астана) – 722 дауыс;
2. Братислав Пуношевац голы (Атырау — Қайсар) – 444 дауыс;
3. Неманья Коич голы (Тобыл — Ордабасы) – 296 дауыс.

Александр Симчевич добы «Тамыз айының үздік голы» номинациясына алғашқы үміткер болып отыр.

Дереккөз: Pflk.kz

Сондай-ақ

КХЛ КЛУБЫ ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КУБОГЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

9-12 тамыз аралығында Астанадағы «Барыс-Арена»-да хоккейдан Қазақстан Президентінің Кубогы өтіп, Қазақстан ұлттық құрамасы және Континенттік …

Добавить комментарий