«Барселона» жаңа маусымдағы капитандарының тізімін жариялады.
Алаңдағы негізгі капитан Лионель Месси болады. Ол «Виссел Кобе» клубына ауысып кеткен жартылай қорғаушы Андрес Иньестаның орнын басты.
Сондай-ақ, Серджи Бускетс, Жерар Пике және Серджи Роберто Мессиден кейінгі капитандардың рөлін атқармақ.
Фото: «Барселона» клубының твиттер парақшасынан