Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ФУТЗАЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ АЛДЫНДА ЖАҢА ФОРМАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

ФУТЗАЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ АЛДЫНДА ЖАҢА ФОРМАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Футзалдан Қазақстан  студенттер құрамасы  тамыздың 19-ы мен 26-ы аралығында  өтетін әлем чемпионатына арналған жаңа формасын таныстырды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Құраманың негізгі формасы ашық сары, ал екіншісі ақ түсті болып келеді. Форманы  бүгін  арнайы өткен баспасөз мәслихатында ерлер және әйелдер командасының капитандары Рамина Мамедова мен Біржан Оразов  таныстырды.

— Дайындық өте жақсы. Жоғары нәтижеге қол жеткіземз деп ойлаймын. Әрине барлық командалар чемпион болуға лайық, біздің топта Чехияны ерекше атап өтсе болады. Біз жеңу үшін  бар күшімізді саламыз, — деп өз ойымен Біржан Оразов бөлісті.

Айта кетер жайт, ерлер ұлттық құрамасы «В» тобында Беларусь, Чехия, Жаңа Зеландиямен, ал, әйелдер командасы Португалия, Франция, Жаңа Зеландиямен ойнайды.

Ұйымдастурышалардың  айтуынша барлық ойындар жоғары деңгейде өткізілетін болады. Алматы қаласы әлем чемпионатқа тыңғылықты дайындалды . Қала бойынша  қауіпсіздік,  көліктік логистика  және денсаулық сақтау шаралары сақадай сай дайын. Сонымен қатар,  теңбіл доп додасы кезінде қалада көптеген шаралар өтіп,   құрамалар аула командалары арасында шеберлік сабақтарын өткізеді.

Бұл чемпионат Қазақстандаға емес, ТМД мемлекеттер арасында алғаш рет  ұйымдастырылады.  Жарыста  6 ерлер және 9 әйедер құрамалары өнер көрсетеді.  Олар, Канада, Германия, Франция, Аргентина, Жаңа Зеландия, Болгария, Португалия, Польша, Хорватия, Словакия, Чехия, Ресей, Қытай, Израиль, Таиланд, Украина.

Ойындар Almaty Arena мен Halyk Arena мұз кешендерінде сағат 10:00-ден басталады. Салтанатты ашылуы тамыздың 19-ы  күні Almaty Arena-да сағат 12:00-де өтеді.

Бұл чемпионат 1984 жылдан бастап Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) қамқорлығымен екі жылда бір рет өткізіледі. 2016  жылдын чемпионы болып ерлер мен әйелдер құрамалары арасында Бразилия атанған болатын.

Жарыстың  толық кестесімен wucfutsal2018.com ресми сайтынан көре аласыздар.

Сондай-ақ

АЗИАДА-2018: ӘДІЛБЕК МУСИН СУДА ЖҮЗУДЕН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Бүгін Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты. 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек …