Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / ДЖАКАРТАДА ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

ДЖАКАРТАДА ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Индонезия астанасы Джакартада жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық атлеттер ашылу салтанатындағы спортшылар шеруіне қатысып, еліміздің көк туын боксшы Әбілхан Аманқұл көтеріп шықты. Бұл Әбілхан қатысып отырған алғашқы Азия ойындары.

Бүгінгі салтанатты ашылу рәсіміне таеквондошылар, баскетболдан қыздар командасы, суда жүзушілер мен боксшылар қатысты. Құрама команданың басым бөлігі ертеңгі жарыс күніне дайындалғандықтан, салтанатты шеруден тыс қалды.

Қазақстаннан Азия ойындарына жалпы есебі 440 спортшы аттанды. Оның ішінде, 404 спортшы 25 олимпиадалық спорт түрінен бақ сынайды.

Азия ойындары ел спортшылары үшін биылғы жылдың ең басты додасы болмақ.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті спортшылардың құрлық бәсекесіне алаңсыз жаттығуына бар жағдайды жасап, ҚР ҰОК президенті Тимур Құлыбаев атлеттердің дайындық барысын тікелей өз бақылауына алды.

Азия ойындары 18 тамыз — 2 қыркүйек аралығында, Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өтеді.

Дереккөз: Olympic.kz

Сондай-ақ

АЗИАДА-2018: ӘДІЛБЕК МУСИН СУДА ЖҮЗУДЕН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Бүгін Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты. 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек …