6-шы қазан күні Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile Arena»-да өтетін UFC 229 додасында өтетін, Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор аррасындағы жекпе-жектің билеттері 3 минутта сатылып кетті.
UFC президенті Дана Уайт Америкада өткен баспасөз мәслихатында, UFC 229 додасының басты жекпе-жегінде Нурмагомедов — МакГрегормен кездесетінін ресми жариялаған болатын.
Сиымдылығы 20 мың адамдық аренадағы бір билеттің құны шамамен 205-2505 доллар аралығында болған.
Хабиб кәсіпқой мансабында жеңілістің ащы дәмін көрмеген өте жоғары деңгейдегі жауынгер, ол 26 жекпе-жек өткізіп барлығында да жеңіске жеткен. Ал Конор кәсіпқой мансабында 21 рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт