Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «РЕАЛ МАДРИД» ЖАҢА ШАБУЫЛШЫ АЛУДЫ ЖОСПАРЛАУДА

«РЕАЛ МАДРИД» ЖАҢА ШАБУЫЛШЫ АЛУДЫ ЖОСПАРЛАУДА

«Реал Мадридтің» бас бапкері Хулен Лопетеги, міндетті түрде жаңа шабуылшы сатып алу керектігін нұсқауда.

Мадридтіктердің президенті Флорентино Перес пен басқа да басқарушылар, бұл құрамның да Чемпиондар Лигасында тағыда жеңіске жетуге қабілеттері жететіндігіне сенімді.

Ал Лопетеги болса ауысым терезесі аяқталғанға дейін шабуыл шебін күшейтуді қалайды. Бапкер жұлдызды шабуылшыны сатып алудың қиыншылықтарыын түсінеді, сондықтан да команданың ойын мәнеріне сай ойыншыны табу ниетінде.

«Реал Мадридтің» шабуылшысы атануға басты нұсқалар, клубтың екі шәкірті «Валенсиядағы» Родриго және «Лиондағы» Мариано Диас.

Сондай-ақ

АЗИАДА-2018: ӘДІЛБЕК МУСИН СУДА ЖҮЗУДЕН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Бүгін Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты. 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек …