Грек-рим күресінің балуандары Азамат Құстыбаев пен Ерұлан Ысқақов Азия ойындарының қола жүлдегерлері атанды.
87 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Азамат Құстыбаев қола жүлде үшін тартыста үндістандық балуанды 6:3 есебімен жеңді.
Азамат Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде тәжірибелі өзбек балуаны Рустам Ассакаловқа есе жіберген еді.
Жұбаныш белдесуінде жерлесіміз қырғызстандық Самат Ширдаковты жеңді.
Ал 97 келіде ел намысын қорғаған Ерұлан Ысқақов турнирді 1/8 финалдан бастап, Оңтүстік Корея өкілінен 1:6 есебімен ұтылған еді.
Қола медаль үшін күресте ол ирандық Әли Акбар Хейдаримен белдесіп, 10:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұл грек-рим күресінен Қазақстан еншісіндегі үшінші қола медаль.
Дереккөз: Olympic.kz
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт