Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ИСПАНИЯ — ХОРВАТИЯ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ИСПАНИЯ — ХОРВАТИЯ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

УЕФА Ұлттар лигасының екінші кезеңі аясында Испания құрамасы өз алаңында 2018-шы жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Хорватия құрамасына қарсы ойын өткізеді.

Ойын бүгін, 11-ші қыркүйектен 12-ші қыркүйекке қараған түні, Эльче қаласындағы «Мануэль Мартинес Валеро» стадионында өтеді. «Qazaqstan» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді, ал басталуы Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те.

Ойынға француз маманы Бенуа Бастьян өз командасымен төрелік ететін болады.

Айта кетсек, Ұлттар лигасының бірінші кезеңі аясында Испания құрамасы қарсыласы Англия құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Ал Испания құрамасы жаңа бапкер Луис Энрикенің қол астындағы алғашқы ресми ойыны, әрі жеңісіне қол жеткізген болатын.

Испания — Хорватия ойыны, Луис Энрикенің Испания құрамасының бапкері ретінде өз алаңындағы алғашқы ойыны болмақ. Ал Хорватия құрамасы Ұлттар лигасындағы бірінші кездесуін өткізеді.

Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

АПЛ: «ЛИВЕРПУЛЬ» — «ТОТТЕНХЭМДІ» ЖЕҢДІ

Юргена Клопптың шәкірттері АПЛ-дағы жорығын кезекті жеңісімен жалғастырда, бұл жолы «Тоттенхэмді» 2:1 есебімен тізе бүктірді. …