УЕФА Ұлттар лигасының екінші кезеңі аясында Исландия құрамасы өз алаңында Бельгия құрамасын қабылдайды.
Ойын бүгін, 11-ші қыркүйектен 12-ші қыркүйекке қараған түні, Рейкьявик қаласындағы «Лейгардальсведлюр» стадионында өтеді. «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді, ал басталуы Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те.
Ойынға ресейлік маман Сергей Карасев өз командасымен төрелік ететін болады.
Ұлттар лигасының бірінші кезеңінде Исландия құрамасы сырт алаңда Швейцария құрамасына қарсы ойын өткізіп, ірі 6:0 есебімен жеңіліп қалған болатын. Ал Ұлттар лигасының А лигасының 2-ші тобында, Швейцария және Исландия құрамалары бірге өнер көрсететін Бельгия құрамасы бірінші ойынын енді өткізеді.
Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт