2018 жылдың 7-8 қыркүйегі күндері, Зеренді өңірінің көркем жерінде, Зеренді көлінің жағасында орналасқан «Аurora Ggarden» отбасылық демалыс орталығында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының екінші облыстық слеті өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы және Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отансүйгіштікке баулу,адамгершілігі жоғары, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік тұрғыда құзыретті азамат ты және патриотты тәрбиелеу.
Слетке Ақмола облысының барлық 19 өңірінен келген оқушылар – «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері мен оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қалалық және аудандық байқаулардың жеңімпаздары қатысты.
Слет бағдарламасының өте қызықты болғанын атап өткен жөн.
Слеттің алғашқы күнін «Бір ел. Бір тағдыр. Бір болашақ» би флеш-мобы ашып, содан кейін қатысушылар «Адалдық алаңы» аталатын қызықты квест-ойын ойнады.
Қызықты, тартысты сайыс нәтижесінде «Жолбарыстар», «Family», «Да» және «Дружба»командалары жүлделі орындарға ие болды.
Слетке қатысушылар квест ойынды қызықтап жүргенде үлкендер «Адал Ұрпақ» клубтарының жұмысы туралы пікірлерімен алмасу және ұсыныстарын айту үшін дөңгелек үстел басына жиналды. Дөңгелек үстелге әдіскерлер, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сонымен қатар – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Р. Братаева мен Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Б. Дүйсенова қатысты. Кездесу барысында клубтардың жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар айтылды. Сындарлы сұхбат алаңында әр қатысушыға өзінің ойын айтып, жанындағы әріптесін тыңдауға мүмкіндік берілді.
Кешкісін балалар би кешіне барды.
Слеттің екінші күні де қызықты өтті. Әр өңірден келген делегаттар 2017-2018 оқу жылында өткізілген іс-шаралар туралы театрландырылған көрініс немесе үгіт бригадасы, «Адал ұрпақ» клубының жұмысы туралы бейнеролик түрінде өз есептерін ұсынды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, оқушылардың адамгершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымының негіздерін қалыптастыруға бағытталған конкурстардың жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара соңында қатысушыларға «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының екінші облыстық слетіне қатысушы сертификаттары табыс етілді.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт