Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: «ВАЛЕНСИЯ» — «ЮВЕНТУСТАН» ЖЕҢІЛДІ

ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: «ВАЛЕНСИЯ» — «ЮВЕНТУСТАН» ЖЕҢІЛДІ

УЕФА Чемпиондар Лигасы 2018-2019 маусымының топтық кезеңінің 1-ші ойындары аясында H тобындағы «Валенсия» мен «Ювентус» кездесу өткізді.

Валенсия қаласындағы «Месталья» стадионында, Роналдудың алаңнан қуылуы және 3 он бір метрлік айып добының қойылуымен өткен ойында, «Ювентус» 0:2 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің 30-шы минутында Криштиану Роналду алаң иелерінің айып алаңында қорғаушымен қақтығысып қалды, ал бас төреші Феликс Брых өз көмекшілерімен кеңесіп, Роналдуны тікелей қызыл қағазбен алаңнан қуып жіберді. Бұл, Роналдуның мансабында Чемпиондар лигасындағы бірінші рет алаңнан қуылуы.

Алаңда он ойыншымен қалған «Ювентус» бірінші таймның соңында және екінші таймның басында он бір метрлік айып добынан екі рет гол соқты. Ал ойынға қосылған уақыттың соңғы минуттарында «Валенсия» клубының капитаны Парехо он бір метрлік айып добынан гол соға алмады.

Айта кетейік, Берн қаласында «Янг Бойз» бен «Манчестер Юнайтед» клубтары арасында өткен ойын, 0:3 есебімен «Манчестер Юнайтедтің» жеңісімен аяқталды.

Жалпы H тобындағы екі ойыннан бөлек, E және F топтарындағы ойындары өткен болатын. E тобында «Аякс» — «АЕК» клубын 3:0 есебімен жеңсе, «Бенфика» — «Бавария» клубынан 0:2 есебімен ұтылды. Ал F тобындағы «Шахтер» — «Хоффенхайм» клубтары 2:2 есебімен тең ойнады, Чемпиондар лигасының биылғы маусымында жеңімпаз атануға үміткер командалардың бірі «Манчестер Сити» — «Лион» командасына 1:2 есебімен есе жіберді.

«Валенсия» 0:2 «Ювентус»

Голдар: Пьянич, 45 (он бір метрлік айып добы), 51 (он бір метрлік айып добы).

«Валенсия»: Нето – Везу (Черышев, 57), Паулиста, Мурильо, Гайа – Солер, Парехо, Васс, Гедеш Мина, 70) – Морено, Батшуайи (Гамейро, 70).

«Ювентус»: Щесны – Канселу, Бонуччи, Кьеллини, Сандро – Хедира, Пьянич (Коста, 66, (Ругани, 89)), Матюиди – Бернардески, Роналду, Манджукич.

Алаңнан қуылды: Роналду, 30.

Сондай-ақ

ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ТЕННИСШІЛЕРІ БЕЙЖІҢДЕГІ ДОДАҒА ҚАТЫСУДА

Бейжің қаласында жүлде қоры 3,4 миллион долларды құрайтын ашық ішкі чемпионат өтуде. Бүгін жартылай финалға …