Басты бет / Басқа түрлер / ҚЫСҚА ҚАШЫҚТЫҚҚА ЖҮЗУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ТӨРТ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАТЫСАДЫ

ҚЫСҚА ҚАШЫҚТЫҚҚА ЖҮЗУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ТӨРТ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАТЫСАДЫ

Қытайдың Ханчжоу қаласында жүзу спортынан әлем чемпионаты өтеді. Ұлттық құраманың бас бапкері Олег Вагизов дүбірді дода қарсаңында өз ойымен бөлісті.

Еске сала кетейік, қысқа қашықтыққа жарысудан өтетін әлемдік сын желтоқсан айына жоспарланған.

«Ұлттық құрама спортшылары Түркияда екі жаттығу жиынын өткізеді. Сондай-ақ, әлем чемпионатының алдында қысқа мерзімді жиын жоспарланған. Әзірге, іріктеу нормативін тапсырған бес спортшы қатарда. Әлем біріншілігіне төрт спортшы апарамыз», — деді бас бапкер.

Олег Вагизов әлем чемпионатында ел намысын қорғайын спортшылардың нақты есімін атаған жоқ.

«Спортшылар жақын арада анықталады. Одан бұрын Қазақстан Кубогі додасы өтеді. Қарааның 5-9 аралығында Теміртауда жиналамыз. Содан соң, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына іріктеу кезеңін бастаймыз» — дейді Вагизов.

Дереккөз: Olympic.kz

Сондай-ақ

ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ТЕННИСШІЛЕРІ БЕЙЖІҢДЕГІ ДОДАҒА ҚАТЫСУДА

Бейжің қаласында жүлде қоры 3,4 миллион долларды құрайтын ашық ішкі чемпионат өтуде. Бүгін жартылай финалға …

Добавить комментарий