Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: «РЕАЛ МАДРИД» СЫРТ АЛАҢДА «ЦСКАДАН» ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ

ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: «РЕАЛ МАДРИД» СЫРТ АЛАҢДА «ЦСКАДАН» ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ

УЕФА Чемпиондар Лигасы 2-ші кезеңінде G тобында өнер көрсететін «ЦСКА» өз алаңында «Реал Мадридті» қабылдады.

Мәскеу қаласындағы «Лужники» стадионында өткен кездесуде таңғаларлық нәтиже тіркелді. Алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Влашич ойынның 2-ші минутында гол соғып, жылдам голдың авторы атанды. Бұл кездесудегі жалғыз гол болды. Осылайша, мәскеулік «ЦСКА» Чемпиондар Лигасын қатарынан үш рет жеңіп алған азулы қарсылас «Реал Мадридті» жеңіп кетті. Бұл жолы Хулена Лопетегидің шәкірттері өте нашар ойын өрнегін көрсетті.

Ал G тобындағы «Рома» Рим қаласындағы «Олимпико» стадионында «Викторию Пльзеньге» қарсы ойын өткізіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

2-ші кезеңнің нәтижесі бойынша, G тобында «ЦСКА» төрт ұпаймен бірінші, «Рома» мен «Реал Мадрид» үш-үш ұпаймен екінші және үшінші, ал «Викторию Пльзень» бір ұпаймен соңғы орында тұр.

«ЦСКА» 1:0 «Реал Мадрид»

Голдар: Влашич, 2.

«ЦСКА»: Акинфеев — Фернандес, Бекао, Чернов, Набабкин — Ахметов, Бийол — Влашич, Дзагоев (Ефремов, 65), Обляков (Кырнац, 90+8) — Чалов (Сигурдссон, 78).

«Реал Мадрид»: Навас — Карвахаль (Одриосола, 43), Варан, Начо, Регильон — Себальос, Каземиро (Модрич, 58), Кроос — Васкес (Диас, 58), Бензема, Асенсио.

Алаңнан қуылды: Акинфеев, 90+5 (екінші сары қағаз).

Сурет: Getty Images сайтынан

Сондай-ақ

ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ТЕННИСШІЛЕРІ БЕЙЖІҢДЕГІ ДОДАҒА ҚАТЫСУДА

Бейжің қаласында жүлде қоры 3,4 миллион долларды құрайтын ашық ішкі чемпионат өтуде. Бүгін жартылай финалға …