УЕФА Чемпиондар Лигасы 2018-2019 маусымының топтық кезеңінің 2-ші кезеңінде H тобындағы «Ювентус» пен «Янг Бойз» кездесу өткізді.
Турин қаласындағы «Ювентус Стэдиум» стадионында өткен ойында, «Ювентус» аргентиналық шабуылшы Пауло Дибаланың соққан үш голының арқасында кезекті үш ұпайды ешқандай қиындықсыз қоржынына салды.
Айта кетсек, «Ювентус» бұл кездесуді өзінің жұлдызды португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналдусыз өткізді. Себебі, Роналду 1-ші кезеңде «Валенсияға» қарсы ойында алаңнан қуылып, келесі ойынға қатыспайтын болған еді.
«Ювентус» 3:0 «Янг Бойз»
Голдар: Дибала, 5, 33, 69.
«Ювентус»: Щесны – Бардзальи, Бонуччи, Бенатья – Куадрадо, Пьянич (Хедира, 70), Матюиди (Джан, 46), Алекс Сандро – Бернардески, Манджукич (Кин, 78), Дибала.
«Янг Бойз»: фон Бальмоос – Шик, Камара, фон Берген, Бенито – Фасснахт (Ассале, 71), Соу, Саного (Лаупер, 46), Бертоне, Сулеймани (Нгамалеу, 71) – Оаро.
Алаңнан қуылды: Камара, 78 (екінші сары қағаз).