УЕФА Чемпиондар Лигасы топтық кезеңінің 2-ші кезеңі аясында H тобындағы «Манчестер Юнайтед» пен «Валенсия» ойын өткізді.
Манчестер қаласындағы «Олд Траффорд» стадионында өткен кездесуде қос команда да гол соға алмай, ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. Осылайша, «Манчестер Юнайтед» пен «Валенсия» өз қоржындарына тек бір-бір ұпайдан ғана салды.
Ал H тобындағы екінші ойында, «Ювентус» Турин қаласындағы «Ювентус Стэдиум» стадионында «Янг Бойзпен» кездесу өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
2-ші кезеңнің нәтижесі бойынша, H тобында «Ювентус» алты ұпаймен бірінші, «Манчестер Юнайтед» үш ұпаймен екінші, «Валенсия» бір ұпаймен үшінші, ал «Янг Бойз» бір ұпаймен соңғы орында тұр.
Жалпы H тобындағы екі ойыннан бөлек, F, E және G топтарындағы ойындар өтті. F тобында «Хоффенхайм» — «Манчестер Ситиге» 1:2 есебімен жеңілсе, «Лион» — «Шахтер» клубтары 2:2 есебімен тең тарқасты. E тобында «АЕК» — «Бенфикадан» 2:3 есебімен есе жіберсе, «Бавария» — «Аякс» клубтары 1:1 есебімен тең ойнады. Ал G тобында «Рома» — «Виктория Пльзеньді» 5:0 есебімен ойсырата ұтса, «ЦСКА» — «Реал Мадридті» 1:0 есебімен жеңіп кетті.
«Манчестер Юнайтед» 0:0 «Валенсия»
«Манчестер Юнайтед»: Де Хеа — Валенсия, Смоллинг, Байи, Шоу — Матич, Феллаини, Погба — Рашфорд, Лукаку, Санчес (Мартиаль, 76).
«Валенсия»: Нето — Пиччини, Паулиста, Гарай, Гайя — Коклен, Парехо, Кондогбия, Гедеш — Родриго, Батшуайи (Гамейро, 73).