Құрлықтық хоккей лигасы он екінші кезеңі аясында «Барыс» өз алаңында мәскеулік «ЦСКА» клубына қарсы ойын өткізеді.
Елордамыз Астана қаласының «Барыс Арена» стадионында өтетін ойын бүгін сағат 19:30-да басталады. Ал «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, «Барыс» өткен ойынын сырт алаңда өткізіп, қарсыласы ригалық «Динамоны» 3:7 есебімен тізе бүктірген болатын.
«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының 11-ші кезеңнен кейін, шығыс аймағында 15 ұпаймен 7-ші орында келеді.
Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан