УЕФА Чемпиондар Лигасы 2018-2019 маусымының 2-ші кезеңінде C тобында өнер көрсететін «Наполи» мен «Ливерпуль» өзара кездесу өткізеді. Олардан бөлек бұл топтағы «ПСЖ» мен «Црвена Звезда» клубтары да ойын өткізеді.
Неаполь қаласындағы «Сан Паоло» стадионында өтетін кездесу, 3-ші қазаннан 4-ші қазанға қараған түні, Астана уақыты бойынша сағат 00:50-де басталады. Отандық «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.
Бұл кездесуге венгриялық маман Виктор Кашшаи өз тобымен төрелік ететін болады.
Ал C тобындағы «ПСЖ» мен «Црвена Звезда» арасындағы кездесу, Париж қаласындағы «Парк де Пренс» стадионында өтеді.
Айта кетсек, 1-ші кезеңде «Наполи» сырт алаңда «Црвена Звездамен» 0:0 есебімен тең ойнаса, ал «Ливерпуль» өз алаңында «ПСЖ»-ны 3:2 есебімен жеңді.
Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан