Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: «ТОТТЕНХЭМ» — «БАРСЕЛОНА» ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: «ТОТТЕНХЭМ» — «БАРСЕЛОНА» ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

УЕФА Чемпиондар Лигасы 2018-2019 маусымының топтық кезеңінің 2-ші кезеңі аясында B тобындағы «Тоттенхэм» өз алаңында «Барселона» клубымен ойын өткізеді. Сонымен қатар, бұл топтағы «ПСВ» мен «Интер» клубтары да өзара кездесу өткізбек.

«Тоттенхэм» мен «Барселона» арасындағы ойын, 3-ші қазаннан 4-ші қазанға қараған түні Лондон қаласындағы «Уэмбли» стадионында. Кездесудің басталуы Астана уақыты бойынша сағат 00:50-де. Қазақстандық «Qazaqstan» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.

Ойынға германиялық Феликс Цвайер бастаған мамандар төрелік ететін болады.

Айта кетсек, 1-ші кезеңде «Тоттенхэм» сырт алаңда «Интерден» 2:1 есебімен жеңілсе, ал «Барселона» өз алаңында «ПСВ»-ны 4:0 есебімен тас талқан етті және каталондық клубтың капитаны Лионель Месси Чемпиондар лигасындағы 8-ші хет-тригін жасады.

Жалпы бүгін B тобындағы екі ойыннан бөлек, C, D және A топтарындағы ойындарда өтеді. C тобында «ПСЖ» — «Црвена Звезда» және «Наполи» — «Ливерпуль» клубтары, D тобында «Локомотив» — «Шальке» және «Порту» — «Галатасарай», ал G тобында «Атлетико» — «Брюгге» және «Боруссия Дортмунд» — «Монако» клубтары 2-ші кезеңдегі ойындарын өткізеді.

Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ТЕННИСШІЛЕРІ БЕЙЖІҢДЕГІ ДОДАҒА ҚАТЫСУДА

Бейжің қаласында жүлде қоры 3,4 миллион долларды құрайтын ашық ішкі чемпионат өтуде. Бүгін жартылай финалға …