УЕФА Чемпиондар Лигасы 2018-2019 маусымының 2-ші кезеңінде C тобында өнер көрсететін «Наполи» мен «Ливерпуль» өзара кездесу өткізді. Олардан бөлек бұл топтағы «ПСЖ» мен «Црвена Звезда» клубтары да ойын өткізді.
Неаполь қаласындағы «Сан Паоло» стадионында өткен кездесудің соңғы минутында «Наполи» шабуылшысы Лорецно Инсинье гол соғып, командасына үш ұпайды алып берді. Ал Юрген Клопптың командасы бұл жолы өз деңгейіндегі ойынын көрсете алмады және қарсыласының қақпасына гол дарымады.
C тобындағы «ПСЖ» мен «Црвена Звезда» да Париж қаласындағы «Парк де Пренс» стадионында кездесу өткізді. «ПСЖ» шабуылшысы Неймар хет-трик авторы атанса, Кавани, Ди Мария және Мбаппе бір-бір голдан соғып көзге түсті. Қорытынды есеп 6:1.
2-ші кезеңнің нәтижесі бойынша, C тобында «Наполи» төрт ұпаймен бірінші, «ПСЖ» мен «Ливерпуль» үш-үш ұпаймен екінші және үшінші, ал «Црвена Звезда» бір ұпаймен соңғы орында тұр.
«Наполи» 1:0 «Ливерпуль»
Голдар: Инсинье, 90.
«Наполи»: Оспина – Максимович, Альбиоль, Кулибали, Руи – Аллан, Хамшик (Зьелински, 81), Руис (Верди, 68) – Кальехон, Инсинье — Милик (Мертенс, 68).
«Ливерпуль»: Аллисон – Александр-Арнольд, ван Дайк, Гомес, Робертсон – Милнер (Фабиньо, 76), Кейта (Хендерсон, 19), Вейналдум – Салах, Фирмино, Мане (Старридж, 88).
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт