Absolute Championship Berkut промоушені, отандасымыз Арман Оспанов (8-2) пен ресейлік Расул Мирзаев (17-1) сегізбұрышта кездеседі деп жариялаған болатын.
Жекпе-жек 10-шы қараша күні Мәскеуде өтетін ACB 90 додасында болады деп жоспарланған еді. Өкінішке орай, Арман жарақатына байланысты бұл жекпе-жектен бас тартты.
Арман Оспановтың орынына Расул Мирзаевпен бразилиялық жауынгер Глеристон Сантос жекпе-жек өткізеді.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт