Басты бет / Қысқы спорт / ҚХЛ: «БАРЫС» — «ДИНАМО РИГА» ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

ҚХЛ: «БАРЫС» — «ДИНАМО РИГА» ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Құрлықтық хоккей лигасы он төртінші кезеңі аясында «Барыс» өз алаңында ригалық «Динамо» клубына қарсы ойын өткізеді.

Елордамыз Астана қаласының «Барыс Арена» стадионында өтетін ойын бүгін сағат 19:30-да басталады. Ал «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, «Барыс» өткен ойынын өз алаңында өткізіп, қарсыласы братиславалық «Слованды» 3:0 есебімен жеңген болатын.

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының 13-ші кезеңінен кейін, шығыс аймағында 18 ұпаймен 7-ші орында келеді.

Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

МЕЙІРІМ НҰРСҰЛТАНОВТЫҢ ЧЕМПИОНДЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ БЕЙНЕЖАЗБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Ғаламторда қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (9-0, 7 КО) чемпиондық белбеу үшін өткізген жекпе-жегінің бейнежазбасы …