Қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайынов (8-0, 5 КО) Монреальда өткен бокс кешінде кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегін өткізді.
Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жекте Абылайхан мексикалық Хесус Лагунамен (22-12-3, 19 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жектің екінші раундтында Абылайхан қарсыласының бауырына ауыр соққы жасап, нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Абылайхан Құсайынов тоғызыншы жекпе-жегіндегі тоғызыншы жеңісіне жетті, оның алтауын уақытынан бұрын аяқтады.
Айта кетсек, Абылайхан Құсайынов соңғы рет наурызда жекпе-жек өткізіп, қарсыласы мексикалық Хильберто Месаны (9-5-1, 6 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт