Басты бет / Бокс / МЕЙІРІМ НҰРСҰЛТАНОВ NABF JUNIOR БЕЛБЕУІНІҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

МЕЙІРІМ НҰРСҰЛТАНОВ NABF JUNIOR БЕЛБЕУІНІҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (8-0, 7 КО) кәсіпқой бокстағы тоғызыншы әрі титулдық жекпе-жегін өткізді.

Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек Лас-Вегас қаласында (Невада штаты) өтті. Мейірім шаршы алаңда америкалық боксшы Джамар Фримэнмен (15-6-2, 8 КО) орта салмақтағы NABF Junior белбеуі үшін қолғап түйістірді. Жекпе-жек толық сегіз раунд өтті, екінші раундта Мейірім қарсыласын нокдаунға жіберген болатын. Нәтижесінде Мейірім төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісіне жетіп, орта салмақта жастар арасындағы NABF чемпиондық белбеуінің иегері атанды.

Сурет: «meiirim01» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ: ТОҒЫЗЫНШЫ ЖАРЫС КҮНІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Буэнос-Айресте жасөспірімдер Олимпиадасының тоғызыншы жарыс күні аяқталды. Каноеде есуден Олимпиада чемпионы атанған Диас Бахриддин болашағы …