Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ГРУЗИЯ ӨЗ АЛАҢЫНДА АНДОРРАНЫ ЖЕҢДІ

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ГРУЗИЯ ӨЗ АЛАҢЫНДА АНДОРРАНЫ ЖЕҢДІ

УЕФА Ұлттар лигасының үшінші кезеңі аясында, Қазақстан Ұлттық құрамасымен D лигасының 1-ші тобында өнер көрсететін Грузия құрамасы мен Андорра құрамасы кездесу өткізді.

Тблиси қаласында өткен ойында Грузия құрамасының ойыншылары қарсыластарына ешқандай мүмкіндік бермей, қақпаларына үш гол соғып кезекті үш ұпайды алды.

Ал Қазақстан Ұлттық құрамасы сырт алаңда Латвия құрамасымен кездесу өткізіп, ойын 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.

Сонымен, Ұлттар лигасының үшінші кезеңнің нәтижесі бойынша, D лигасының 1-ші тобында Грузия құрамасы тоғыз ұпаймен көш бастап тұрса, ал Андорра, Латвия және Қазақстан құрамаларының әрқайсысы екі ұпаймен екінші мен төртінші орындарға жайғасқан.

Сондай-ақ

ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ: ТОҒЫЗЫНШЫ ЖАРЫС КҮНІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Буэнос-Айресте жасөспірімдер Олимпиадасының тоғызыншы жарыс күні аяқталды. Каноеде есуден Олимпиада чемпионы атанған Диас Бахриддин болашағы …