Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Дзюдо / ҚЫЗЫЛОРДАДА ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ МЕН КУБОГЫ БАСТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ МЕН КУБОГЫ БАСТАЛДЫ

 

Дзюдодан ел біріншілігі жалауын көтерді. Оған еліміздің барлық өңірінен 400-ден аса спортшы 14 салмақ дәрежесінде қатысуда.

Жарыстың салтанатты ашылуында облыс әкімі Қырымбек  Көшербаев пен ҚР дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Маратбек Мықтыбеков жарысқа қатысушыларға сәттілік  тіледі.
Қазақстан дзюдо федерациясының атынан облыста дзюдоның  қарқынды дамуына қосқан үлесі үшін облыстық дзюдо федерациясына 1 дана татами жиынтығы табыс етілді.
Жарыстың алғашқы күнінде ерлер -60, -66 келі, әйелдер -48, -52, — 57 келі салмақта сынға түсті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, дипломдармен марапатталады:

48 кг
1. Отгонцэцэг Галбадрах (ОҚО)
2. Салтанат Сұлтанбекова (Қызылорда)
3. Абиба Абужакинова (Алматы)
3. Айгерім Торегожина (Қарағанды)

52 кг.
1. Карасайқызы Кәмшат (Маңғыстау)
2. Гүлдана Алмуханбетова (БҚО)
3. Айкүнім Түйтекова (Алматы обл)
3. Айнұр Сүлеймен (Жамбыл обл)

57 кг
1. Севара Нышанбаева (ОҚО)
2. Назгүл Құбашева (Атырау)
3. Аня Казюлина (Маңғыстау)
3. Анна Старченко (Қарағанды)

60 кг

1. Бауыржан Жауынтаев (Қызылорда)
2. Шаратов Абылайхан (Қарағанды)
3. Рустам Ибраев (Ақтөбе)
3. Гусман Қырғызбаев ( Алматы обл)

66 кг
1. Қалтаев Мейіржан (ОҚО)
2. Гумар Қырғызбаев (Алматы обл)
3. Ғабит Есімбетов (ОҚО)
3. Абілқайыр Мауленин (Алматы обл)

Ел чемпионаты мен кубогы 19 қарашада аяқталады.

Сондай-ақ

ДЗЮДОШЫЛАР ПРАГАДАН ҚОС ЖҮЛДЕ ЕНШІЛЕДІ

Прагада ерлер арасында дзюдодан Еуропа кубогы өтіп жатыр. Қазақстандық Жақсылық Жеңісбек (60 кг) финалда франциялық …