21 қазан айынан басталған мәнерлеп сырғанау спортынан әлем кубогының кезеңдері мәресіне жетуге жақын. Енді ақтық сын 11 желтоқсан күні Франция елінде өтеді.
Өкінішке орай «алтылық финалға» қос спортшымыз да өте алмады.
Әйелдер арасында сынға түскен Элизавет Тұрсынбаева Гран-при сайысының соңғы Саппорода өткен кезеңінде қысқа бағдарламасын өте сәтсіз орындады. Еркін бағдарламада алған алтыншы орны оған жалпы есепте үздіктердің қатарына енуге жетпеді. Спортшымыз екі кезең бойынша 356,43 ұпай жинап, 10 жалпы есептегі ұпаймен 16-шы орында қалып қойды. Финалдық кезеңге өткен алтылық мыналар:
Евгения Медведева, Анна Погорилая, Елена Радионова, Мария Сотскова(барлығы Ресей), Кэтлин Осмонд(Канада) және Сатоко Мияхара(Жапония).

Денис Тен өзінің алғашқы сайысында күміс жүлдегер атанып, бір қуантқан болатын. Бірақ ол шығуға тиісті бір кезеңді жіберіп алды. Сөйтіп, бір кезеңде жинаған қос бағдарлама бойынша 269,26 ұпайға жалпы есепте 13 ұпай алды. Жалпы есептегі 14-ші орын оған әрі қарай ақтық сынға өтуге мүмкіндік бермейді.
Ерлер арасындағы финалдық кезеңде сынға түсетін спортшылар: Фернандес (Испания), Патрик Чан(Канада), Ханю (Жапония), Умо (Жапония), Натан Чен(АҚШ) жәнеАдам П(АҚШ).

Айта кету керек, әйелдер арасында 39, ерлер арасында 37 спортшы Гран-при кезеңдерінде бақ сынаған болатын.
Енді Денис Тен Универсияда ойындарында, Элизавет Тұрсынбаева Азия ойындарында ел намысын қорғайды.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт