Басты бет / Бокс / БАТЫР ЖҮКЕМБАЕВТІҢ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

БАТЫР ЖҮКЕМБАЕВТІҢ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (6-0, 6KO) өзінің келесі жекпе-жегін Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап, 16 желтоқсан (Астана уақыты бойынша 17 желтоқсан) күні Канаданың Квебек қаласында өткізеді.

Батырдың бұл жолғы қарсыласы месикалық боксшы – Мануел Марез. Жекпе-жек Жан Паскаль мен Степан Божич андеркартында өтеді.

Мануел Марез 1991 жылы туған. Кәсіпқой бокстағы дебют кездесуін 2010 жылдың 13 тамызында өткізіп, техникалық нокаутпен ұтқан. Ал, қазірше соңғы кездесуін 2016 жылдың 23 қазанында өткізіп, жеңіліске ұшыраған. Бүгінге дейін жалпы саны 26 кездесу өткізіп, 16 рет жеңіске жеткен, 10 рет жеңілген. 14 қарсыласын нокаутпен ұтса, 6 қарсыласынан нокаутпен ұтылған. Рейтинг бойынша 328 орынға жайғасқан.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев бүгінге дейін алты кездесу өткізіп, барлық қарсыласын мерзімінен бұрын ұтқан. Қазірше рейтингте 161 орында келе жатыр.

Батыр соңғы жекпе-жегін 23 қазан күні өткен Льеме-Риос андеркардында мексикалық Иван Перейраға қарсы жекпе-жек өткізіп, қарсыласын 5 раундта теxникалық нокаутпен ұтты.

Сондай-ақ

ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ТЕННИСШІЛЕРІ БЕЙЖІҢДЕГІ ДОДАҒА ҚАТЫСУДА

Бейжің қаласында жүлде қоры 3,4 миллион долларды құрайтын ашық ішкі чемпионат өтуде. Бүгін жартылай финалға …