Басты бет / Қысқы спорт / Коньки / КОНЬКИ СПОРТЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ КОРЕЯ ЕЛІНДЕ ӨТУДЕ

КОНЬКИ СПОРТЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ КОРЕЯ ЕЛІНДЕ ӨТУДЕ

Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында 2017 жылғы коньки спортынан әлем чемпионаты жалауын көтерді.

Жекелей қашықтық бойынша өтіп жатқан доданың бүгін алғашқы күні. Спортшылар 500 метрде бақ сынады.

Өкінішке орай Қазақстандық спортшылар жүлдеге іліне алмады. Әйелдер арасында отандасымыз Екатерина Айдова 24 спортшының арасынан 23-ші ғана болып мәреге келді. Бұл сайыста Жапониялық Нао Кодайра 37.13 уақытымен чемпион атанды.

Ерлер арасында Голландиялық Джан Смикенс 34.58 уақытымен жеңіске жетті. Қазақстандық Роман Креч болса 35.14 (+0.56) нәтижесімен 16-шы орынды қанағат тұтты.

 

 

 

Сондай-ақ

ЧЛ-ДЫҢ 2017/18 МАУСЫМЫНДАҒЫ ҮЗДІК ОЙЫНШЫЛАР ҚҰРАМЫНА ҮМІТКЕР ОЙЫНШЫЛАР

УЕФА Чемпиондар лигасының өткен маусымындағы ең үздік қақпашы, қорғаушы, жартылай қорғаушы және шабуылшы атануға үміткер …